Тұрақтылықты қамтамасыз етудегі қауіпсіздік: «Қазақмыс» «Қорғау қызметі» ЖШС-не 10 жаңа «Нива» жол талғамайтын автокөлігін табыстады
Қарағанды қаласы, 2026 жылғы 19 тамыз — Строителей даңғылы, 35А мекенжайы бойынша КЦМ («Қарағандыцветмет» өндірістік бірлестігі) ғимаратының алдындағы алаңда, «Қорғау қызметі» мамандандырылған қауіпсіздік қызметінің автопаркіне жаңа автокөліктерді ресми түрде табыстау рәсімі өтті. «Қазақмыс» корпорациясының қаражаты есебінен жүріп өту мүмкіндігі жоғары 10 жаңа жол талғамайтын автокөлік сатып алынды. Аталған автокөліктер компанияның өңірлік филиалдарына жіберілед.
«Қорғау қызметі» қауіпсіздік қызметі 2005 жылдан бері 20 жылдан астам уақыт бойы «Қазақмыс» корпорациясының нысандарындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп келеді. Он жаңа, заманауи автокөліктің табысталуы — бұл жай ғана автопаркті жаңарту емес. Бұл біздің қызметімізге деген жоғары сенім мен стратегиялық әріптестіктің айқын дәлелі. Біз үшін «Қазақмыс» компаниясының нысандары мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан басты басымдық болды, қазір де солай және алдағы уақытта да солай болып қала береді.
Бүгін бұл автокөліктер біздің қызметіміз жүзеге асырылатын аса маңызды үш өңірге — Жезқазған, Балқаш және Қарағанды филиалдарына жіберіледі. Жаңа техника бөлімшелеріміздің ұтқырлығын айтарлықтай арттырып, кез келген штаттан тыс жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қызмет атқару сапасын түбегейлі жаңа деңгейге көтереді.
Іс-шара барысында жиналған қауымға құттықтау сөздерін корпорация бөлімшелерінің басшылары — Қарағанды өңірі бойынша қауіпсіздік департаментінің директоры Жалғасбай Сұлтанғалиевич Жақаев және бизнесті қамтамасыз ету департаментінің директоры Дархан Абдықадырович Нургалиев берілді. Олар кәсіпорындардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымын қорғау үшін материалдық-техникалық базаны үздіксіз жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.
Рәсімнің ең маңызды сәті — «Қорғау қызметі» ЖШС Бас директоры Ерлан Чуткебаевич Джаркимбаевтің өңірлік филиалдардың өкілдеріне жол талғамайтын автокөліктердің кілттерін табыстауы болды. Компания басшысы көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, жеке құрамға ақжолтай тілегін арнады. Кілттер табысталғаннан кейін жаңа автокөліктердің қозғалтқыштары алғаш рет салтанатты түрде іске қосылып, олар нысандарды күзету қызметіне кірісті.